Бейсенбі, Желтоқсан 12, 2024
-2.5 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМақтааралда "Таза Қазақстан" акциясы аясында өткен сенбілікке 1100 адам қатысты

Мақтааралда «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен сенбілікке 1100 адам қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы Мақтаарал ауданында бесленді жалғасуда.
Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында көгалдандыру және тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Осы ретте ауданға қарасты 2 кент пен 9 ауылдық округте сенбілік жұмыстарын тұрақты жүргізу бойынша арнайы жоспар бекітілген. Жоспар бойынша өткен сенбі күні аудан бойынша барлық кенттер мен округтерде сенбілік жұмыстары өтті.
Әкімдік қызметкерлері, ауыл билері мен ардагерлері, әжелер алқасының бастамасымен өткен тазалық шарасына 1100-ден астам адам, 11 техника қатысты.
Тазалық жұмыстары барысында 5,5 тонна күл-қоқыс шығарылып, арық-атыздардың бойы, ішкі көшелер, аяқжолдар, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік нысандар күл-қоқыстан арылды.
Жалпы 30 км-ден астам жол жиектері арам шөптерден тазартылды. Сонымен қатар, ағаштар ақталып, аялдамаларға әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді. 8 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы ретке келітіріліп, сыртқы қасбеттері боялды. 4 мыңға жуық ағаш ақталды.
Атқарылған жұмыстарға белсенді жастар мен еріктілер де атсалысты.


ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ