Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Мақтааралда «Таза аула» акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті

Мақтааралда «Таза аула» акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті

159

Бүгін “Таза Қазақстан” бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған “Таза аула” акциясы аясында Түркістан облысының Мақтаарал ауданында кең көлемді сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Тазалық шарасына аудан тұрғындары белсенді қатысып, елді мекендердің көркеюіне өз үлестерін қосты.

Жалпы сенбілікке 4 мыңға жуық адам жұмылдырылып, 11 арнайы техника тартылды. Ұйымдасқан жұмыстың нәтижесінде аудан аумағынан 24 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылып, белгіленген орындарға жеткізілді.

Бұл өз кезегінде қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және санитарлық жағдайды жақсартуға оң әсер етті. Сонымен қатар, сенбілік барысында абаттандыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, 1520 дана ағаш әктеліп, 70 бағана жаңартылды. Бұдан бөлек, жалпы ұзындығы 8 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолы тазартылып, ретке келтірілді.

Бұл жұмыстар аудан тұрғындары үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

айта кету керек, тазалық акциясына көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары ерекше белсенділік танытты. Олар аула аумақтарын тазалап қана қоймай, көркейту, көгалдандыру шараларына да атсалысты.

Мұндай бірлескен жұмыстар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және тұрғындардың туған жерге деген жанашырлығын арттыруға ықпал етеді.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.