Четверг, 25 июля, 2024
24.8 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМАҚТААРАЛДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

МАҚТААРАЛДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Бүгін аудан орталығы Мырзакент кентіндегі орталық алаңда 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиын алдында мемлекетіміздің Туы көтеріліп, Әнұраны орындалды. Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Б.Төребеков қатысып, көпшілікті келе жатқан айтулы күнмен құттықтады.

Мемлекеттік рәміздер ел дамуының ажырамас бөлігі. Рәміздер арқылы елімізді бүкіл әлем таниды. Мемлекеттік рәміздеріміз – Туды, Елтаңбаны және Әнұранды еліміздің әрбір азаматы ерекше қадірлеп, қастерлеуі тиіс. Халықтың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін қалыптастырып, санасына сіңіру – баршамыздың азаматтық борышымыз – деді Бейсенбай Тасболатұлы.

Әрі қарай мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты. Елдің рухын көтеретін әндер шырқалып, бишілер мың бұрала биледі.

1992 жылы Тәуелсіз Қазақ елінің рәміздері ресми түрде белгіленіп, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні мерекесі болып бекітілді. Елімізде жыл сайын кең көлемде аталып өтуде. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жастарға патриоттық тәрбие беру бағытындағы іс-шаралар жоспарланған. Бүгінгі күні «Айбын», «Жас Ұлан», «Жас қыран», «Ұлттық мектеп лигасы», «Тәуелсіздік қырандары», «Жас сарбаз» т.б. 10-нан аса жоба іске асырылуда. Мемлекеттік рәміздер туралы заңнаманы білу бойынша google-нысандар арқылы алынған сауалнама қорытындысымен білім деңгейін көтеруге бағытталған шаралар қабылданып, жергілікті тұрғындар үшін жыл соңына дейін оқыту семинарларын өткізу жоспарланып отыр.

Көк байрағы желбіреген, Әнұраны асқақтаған, айбынды Елтаңбасы бар Қазақ елі жасай берсін! Еліміз аман, халқымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ