Бейсенбі, Қыркүйек 19, 2024
23.1 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМақтааралда мектеп оқушыларының қауіпсіздігі үшін арнайы жол сызықтары жаңартылды

Мақтааралда мектеп оқушыларының қауіпсіздігі үшін арнайы жол сызықтары жаңартылды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында және жаңа оқу жылының басталуына орай аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентіндегі Қожанов, Мадиходжаев, Еркіндік көшелері мен Жаңажол ауылдық округіне қарасты Ақжол елдімекеніндегі Қазыбек би көшесінде жалпы ұзындығы 15 шақырым жолдың сызықтары жаңартылды. Сонымен қатар, аудан бойынша барлық мектептердің алдындағы жаяу жүргіншілердің өткелдеріне, автотұрақтарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың автотұрақтарына жол таңбалау жұмыстары жүргізіліп, толықтай ретке келтірілді.

«Бұған дейін де жол инфрақұрылымы элементтерін жаңарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізуді жоспарлаған болатынбыз. Қысқы және көктемгі жауы-шашынның әсерінен бірте-бірте жол элементтерінің барлығы жарамсыз болып қалады, не болмаса оларды көру қиынға соғады. Сондықтан, зебралар мен жол сызықтарын, белгілерді ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Мектептердің жанындағы өткелдер ғана емес, сонымен қатар балалар мектепке барған кезде жиі жүріп өтетін жолдарға да сызылды. Бұл жолдардың барлығы арнайы қадағаланады» – деді, ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ғ.Полатов.

Айта кетейік, жол сызықтарын жаңарту жұмыстары басқа да республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға да жоспарланып отыр.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ