Жұма, Қараша 8, 2024
8.3 C
Мырзакент
ҮйАуыл шаруашылығыМақтааралда мақта зиянкестеріне қарсы күресу бойынша семинар өтті

Мақтааралда мақта зиянкестеріне қарсы күресу бойынша семинар өтті

Мақтаарал ауданы бойынша биыл 60,6 мың гектар егісітік жерге түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Атап айтқанда, 33,6 мың гектар алқапқа мақта дақылы, 18,0 мың гектар алқапқа бақша дақылы, 3,7 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар, 1,7 мың гектарға түрлі көкөністер және тағы басқада дақылдар орналастырылды.

Қазіргі таңда шаруалар ерте еккен бақша дақылдарын жинап, өнімдерді шет мемлекеттерге экспорттауда. Сонымен қатар, ашық топыраққа егілген бақша дақылдарын суғару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазіргі таңда ауданның басты дақылы саналатын мақтаға құрт көбелектері ұшып, шанақтарға зақым келітіруде. Құрт көбелегінің 1-ұрпақтары көсек құртына айналып, біраз егістік алқаптарына залалын тигізуде.

Осыған байланысты шілде айында құрт көбелегімен күресу жолдарын түсіндіру мақсатында аудандағы «Мақта және бақша ауыл шаруашлығы тәжірибе станциясының» ғимаратында аудандық семинар өтті.

Семинарда ауыл шаруашылығы саласы бойынша барлық мекеме басшылары қатысып, тәжірибелері мен атқарылып жатқан жұмыстары барысын шаруаларға баяндады. Сонымен қатар, семинарда химиляқ препараттарды сатушы «Сингента Қазақстан» компаниясының, «Alem agro» ЖШС компанияларының өкілдері шаруаларға қазіргі таңда қолданылып жатқан тиімді препараттар жөнінде түсіндірді.

Биыл мақта дақылын шілде айынан бастап суғару жоспарланған болатын. Осыған орай, семинарда «Қазсушар РМК» Мақтаарал аудандық бөлімшесінің мамандары Ыдырыс Стамкулов пен Серік Тоғызбаев тарапынан ағын суға өтінім қабылдап жатқандығы ескертіліп, шаруаларға келісім шартқа тұру, мақта, бақша дақылына бекітлген су бағасы бойынша түсіндірме берді.

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан 2024 жылға мемлекет тарапынан бөлініп жатқан субсидиялар бойынша және оны алу жолдары кеңінен баяндалды.

Семинар соңында аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров жиналысты қортындылап, шаруаларға егістік алқаптарына сапалы түрде зинакестерге қарсы күрес жұмыстарын жүргізе отырып, тез арада мақта дақылын суғару жұмыстарын бастауға шақырды.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ