Жұма, Қазан 18, 2024
12.5 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықМақтааралда мәдениет және өнер қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Мақтааралда мәдениет және өнер қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Бүгін 21 мамыр – мәдениет және өнер қызметкерлері күні кәсіби мерекесіне орай «Мақтаарал» мәдениет үйінде салтанатты кеш өтті.

Кешке аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова қатысып, ауданымыздың барша мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен аудан жұртшылығының атынан құттықтады.

«Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады. Сондықтан отандық мәдениет пен өнердің дамуына, рухани байлығымыздың еселене түсуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген барша ауданымыздың мәдениет және өнер қызметкерлеріне зор алғыс айтамын. Мәдениетіміздің қазынасына қосқан шығармашылықтарыңызға шалқар шабыт, отбасыларыңызға амандық тілеймін!» – деді, Алтын Күнтуқызы.

Мерекелік кеш барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оңғаров, әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева және «Мақтаарал» газетінің бас редакторы С.Қалдыбаевтар да мәдениет майталмандарына деген өз құттықтауларын жеткізді. Ауданның мәдени өміріне дем беріп, жарқын істердің ұйытқысы болып, халыққа рухани нәр берудегі, ұлттық өнерді насихаттаудағы талмай еткен еңбектеріне жеміс тіледі.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданында 10 мәдениет үйінде 123 қызметкер, 17 кітапханада 59 қызметкер еңбек етеді. Жыл сайын мәдениет үйі мен кітапхана ғимараттары салынып, ел игілігіне берілуде.

2023 жылы Еңбекші ауылдық округі Т.Жайлыбаев елдімекенінде және Жамбыл ауылдық округі Абай елдімекенінде мәдениет үйі мен кітапхана ғимараттарының құрылыстары салынып, пайдалануға берілді. Сол сияқты биыл Бірлік ауылдық округі Алғабас ауылының мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, Нұрлыбаев ауылдық округі Ынталы елдімекенінде және Достық ауылдық округі Ж.Қалшораев елдімекенінде мәдениет үйлерінің құрылысын бастау жоспарланып отыр.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ