Среда, 19 февраля, 2025
6.7 C
Мырзакент
ҮйMAKTAARAL TVМақтааралда құқықтық кабинеттер қызмет көрсетуде

Мақтааралда құқықтық кабинеттер қызмет көрсетуде

Әділет министрлігінің 2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспарының 30-тармағына сәйкес, ауылдық жерлерде жергілікті тұрғындарға (шалғай жерлерді қоса алғанда) құқықтық ақпараттың қолжетімділігін қамтасыз ету және құқықтық көмек көрсету үшін «Құқық кабинетін» ашу көзделген.

Аталған бастаманы қолдау азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға, қажетті материалдармен танысуға көмектеседі, сондай-ақ олардың құқықтық мәселелер бойынша құқықтық кеңестер алуға мүмкіндік береді.

Осы тұрғыда Мақтаарал ауданының кенттер мен ауылдық округі әкімі аппараттарында «Құқық кабинеті» жасақталып, жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетуде.

Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының заң бөлімі тарапынан осы Мақтаарал ауданында орналасқан құқық кабинеттің функционалдығы тексерілді.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ