Бейсенбі, Қыркүйек 19, 2024
18.9 C
Мырзакент
ҮйАуыл шаруашылығыМақтааралда кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр

Мақтааралда кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр

Мақтааралда энзоотиялық ауруларға қарсы күрес жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ауданға қарасты кенттер мен ауылдық округтерде мал ұстайтын тұрғындардың қора-қопсылары мен жапсарлас аймақтарына кенеге қарсы бүрку, залалсыздандыру шаралары қолға алынған.

Бүгінде ауданның ветеринар мамандары төрт түлікте жиі кездесетін құтыру, аусыл, лептомпироз, пастереллез, сібір жарасы, эхинококкоз, оспан, эмкар, брадзот, эктима, туберклез сынды ауруларға қарсы профилактикалық шараларды ұйымдастырып, мал ұрлығының алдын алу мақсатында бірдейлендіру жұмыстары да қарастырылып жатыр.

Биыл күз айында энзоотиялық іс-шараларды орындауға 8 нива автокөлігі мен 11 бекет меңгерушісі, 15 мал дәрігері мен 22 ветеринар-фельдшер мамандары жұмылдырылып, қора жайлармен жапсарлас 132 789 шаршы метр, 870 533 шаршы метр мал иірімдері мен суаттар, бұтарлар залалсыздандырылған. Сонымен қатар басқарма тарапынан берілген 19 дана ранс және 2 дана ірі қара малды бүркуге арналған апараттардың көмегімен жоспардағы 54 091 бас ірі қара, түйе және жылқы малдарының 13 036-на, 67 219 бас ұсақ малдың 12 141-не бүрку жұмыстары жүргізілген.

Эпизоотолог маманның айтуынша, кенеге қарсы улау жұмыстарының тиімділігі мал қораларының механикалық жағдайына да байланысты. Сондықтан залалсыздандыру жұмыстарының алдында қора-жайларды қилар мен қоқыстардан тазарлаған дұрыс.

-Тазалық науқаны ұтымды ұйымдастырылса, кене саны азайып, одан жапа шегетіндер де азаяды. Қырым-қанды қызбасы аса қауіпті аурудың қатарына жататындықтан, мамандар мейлінше сақ болуға шақырады. Ал, малы бар шаруалар төрт түлігін дер кезінде залалсыздандыруға жағдай жасаулары тиіс, дейді – «Ветеринариялық қызметі» ШЖҚ МКК Мақтаарал аудандық филиалының маманы Нұрқанат Қуанов.

Айта кетейік, өткен жылдың тиісті мерзімінде кене шағудың 100 фактісі тіркелсе, ағымдағы жылы 115-ке жетіп отыр. Оның себебі, биылғы көктемнің жауын-шашынды, ал, жаздың аптап ыстық болуымен байланысты дейді мамандар. Жалпы 20 факті ішкі қора-жайларда орын алса, 85 факті егістіктер мен мал жайылымдық жерлерде орын алған.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ