ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «2025 жыл — Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына байланысты Мақтаарал ауданында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
Іс-шарада аудан тұрғындары үшін көптеген жұмысқа орналасу мүмкіндіктері ұсынылды.
Аудандық Мансап орталығының ұйымдастыруымен өткен жәрмеңке жұмысшы мамандықтарды дамытуға, жұмыссыздықты азайтуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша халықты ақпараттандыруға бағытталды. Бұл іс-шара халықты жұмыспен қамту және жұмысшы мамандықтарын танымал ету мақсатында ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеде түрлі кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің бос жұмыс орындарын ұсынды. Оның ішінде «Cotton makta» ЖШС, «Агрогруз» ЖШС, «Нүрбибі» ЖШС, «Байдон» ЖШС және тағы да басқа кәсіпорындар бар.
Іс-шараға 200-ден астам аудан тұрғындары қатыстып, аудандық Мансап орталығы филиалының мамандары тарапынан көрсетілетін қызметтер мен бос жұмыс орындары туралы кеңінен ақпараттар берілді.




