Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес, 2024 жылдың наурыз айында аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылысы бөлімінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрлері, оларды алудың ыңғайлы жолдары, қажет етілетін құжаттары т.б. осы саладағы қызметтерді көрсетудің бекітілген қағидалар тәртібін түсіндіру, насихаттау мақсатында жәрмеңке өткізу ұсынылған болатын.
Осыған орай, 2024 жылдың 15 наурыз күні, «Мақтаарал ауданы әкімдігінің дербес бөлімдері» ғимаратында орналасқан «Фронт-кеңседе» аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылысы бөлімінің көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрлері бойынша Жәрмеңке өткізілді.
Жәрмеңке барысында сәулет, қала құрылысы бөлімі тарапынан көрсетілетін қызметтер түрлері кеңінен таныстырылып, оларды алудың ыңғайлы жолдары мен қажет етілетін құжаттар тізбесі бойынша консультациялық кеңестер берілді.