Сенбі, Желтоқсан 14, 2024
6.3 C
Мырзакент
ҮйДенсаулықҚызылшаға қарсы штаб отырысы өтті

Қызылшаға қарсы штаб отырысы өтті

Елімізде қызылша ауруымен ауыратындардың саны азаймай тұр. Оның ішінде Мақтаарал ауданында да жағдай күрделі. Осыған байланысты қызылшаға қарсы санитариялық-эпидемиологиялық және санитариялық профилактикалық іс-шараларды жүргізу бойынша арнайы штаб құрылып, бүгін аталған штабтың кезекті отырысы өтті.

Қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай және қызылша ауруын жаппай имунизациялау мәселесі жөнінде өткен мәжілісте аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Мұхит Әшірбаев баяндама жасады.

Ауданда қызылша ауруы бойынша 105 күдікті жағдай тіркелген. Оның ішінде 92 науқастан сынама алынып, оның 74-інен оң нәтиже, 18-інен теріс нәтиже анықталған.

Күдікке ілінген 105 науқастың 31-і ғана қызылшаға қарсы егу алғаны расталып отыр. Сондықтан, аудан тұрғындары арасында екпе жұмыстарын белсенді жүргізу өте маңызды екенін басқарма басшысы атап өтті.

Мәжілістің күн тәртібіне сәйкес аудандық «Мырзакент» және «Атакент» ауруханаларының өкілдері де қосымша баяндама жасап, науқастардың қазіргі ахуалы жөнінде кеңінен ақпараттар берді.

Аудан әкімінің орынбасары, штабтың төрағасы Алтын Ешанқұлова санитариялық-эпидемиологиялық және санитариялық профилактикалық іс-шараларды жандандыру керектігін жеткізіп, жиынды қорытындылады.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ