Жұма, Мамыр 10, 2024
19.5 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметҚұрметті Мақтаарал ауданның тұрғындары!

Құрметті Мақтаарал ауданның тұрғындары!

📌«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылық бойынша бес күндік тегін оқуға шақырамыз.

✔️Халықты оқыту 2024 жылдың 5 ақпанында Мырзакент кентіде басталып, Атакент кенті мен Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінде өткізілген болатын.

✅Аталған жоба ағымдағы жылдың 04-08 наурыз аралығында Еңбекші ауылдық округінде жалғасын табады.

💬Өтінімді тіркелген жері бойынша ауылдық әкімдікке немесе «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалына хабарласу арқылы беруге болады.

Оқу барысында сіз отбасылық бюджетті жүргізуді, шығындарыңызды басқаруды, несиелік қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу бойынша ұсыныстар алуды, өзіңізге тиімді шарттармен несие таңдауды үйренуді, депозиттердің әртүрлі шарттарымен танысуды және т. б. үйренесіз.

Сондай-ақ оқыту шеңберінде қаржы сарапшысы Амиралиева Айгерім Алиқызы жеке консультациялар өткізетін болады.

Ал, қатысушылардың қалауы бойынша өз бизнесін ашу үшін мемлекеттік гранттық және кредиттік бағдарламаларға бизнес-жоспар жазуға көмектеседі. Жоба аясында сіз білікті заң көмегін ала аласыз, егер сіздің шоттарыңызға тыйым салынған болса, сіздің қарызыңыз коллекторлық компанияға сатылған болса, сізге несиелік қарызды қайта құрылымдау қажет және т. б.

Оқыту толығымен тегін.

#AMANAT

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ