Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
17.4 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАРҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Т.Қырықбаев Мақтааралда қоғамдық қабылдау өткізді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Т.Қырықбаев Мақтааралда қоғамдық қабылдау өткізді

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудан тұрғындарына қоғамдық қабылдау өткізді.

«Amanat» партиясының аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткен іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков, аудандық мәслихаттың депутаттары, тиісті сала басшылары қатысты.

Қабылдауға келген азаматтар мектептерді жылыту, ПУИД-2 бағдарламасының құрылысы, тоғай алқаптарын мемлекет меншігіне қайтару, дренаждарды іске қосу, учаскелік жер телімі, медициналық нысандардың ахуалы, әлеуметтік сала, ауыз су бойынша мәселелер көтеріп, сұрақтар қойды.

Өз кезегінде халық қалаулысы мәселе көрген әрбір тұрғынды мұқият тыңдап, қойылған сұрақтар бойынша тиісті сала басшыларының жауабын қарады. Жергілікті жерде шешілетін мәселелерді дереу қолға алуды тапсырып, республикалық деңгейде шешілетін мәселелерді Парламент төрінде көтеретінін жеткізді.

Қоғамдық қабылдаудан соң депутат жаңадан пайдалануға берілген аудандық спорт сарайының және қаржының бөлінбеуіне байланысты құрылысы тоқтап тұрған орталық саябақтың жағдайымен танысты.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ