Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
28.8 C
Мырзакент
ҮйБілімҚостанай инженерлік экономикалық университеті мақтааралдық талапкерлерді оқуға шақырды

Қостанай инженерлік экономикалық университеті мақтааралдық талапкерлерді оқуға шақырды

Бүгін Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің өкілдері Мақтаарал ауданына арнайы ат басын бұрып, Мақтааралдық бітіруші түлектермен кездесу өткізді.

Мақсат-“Серпін-2050” бағдарламасы арқылы талапкерлерді аталмыш оқу орнына оқуға шақыру, университет жайлы кеңінен мағлұмат беру.

Іс-шара Нұлыбаев ауылдық округінде Торайғыров мектебінде Насихаттық топ мүшелері білім ордасының бітіруші түлектеріне ҚИнЭУ оқу орны туралы мағлұмат беріп, арнайы бейнеролик көрсетті.

“Оңтүстік өңірінің талапкерлері бұл оқу орнына “Серпін-2050” бағдарламасы арқылы 50 баллмен де грант иегері атануына болады,”-дейді университет өкілдері.

ҚИнЭУ – Қостанай облысындағы жоғары оқу орны.

Университеттің пайда болуына, қалыптасуына және одан әрі дамуына 1996 жылы Бизнес және менеджмент институтының ашылуы негіз болды.

Қазіргі уақытта ҚИнЭУ Қазақстанның Солтүстік өңірін білікті мамандармен тұрақты қамтамасыз етуде: 25 жыл ішінде 20 мыңнан астам шәкірт оқытылды.

2003 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен университетке қазақтың қоғам қайраткері, жерлесіміз Міржақып Дулатовтың есімі берілді.

Бүгінгі таңда ҚИнЭУ білім берудің екі деңгейінде – бакалавриат пен магистратурада мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді.

ҚИнЭУ университетіне “Серпін” бағдарламасы арқылы грантқа түсуге болатын мамандықтар:

-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету;

-Автоматтандыру және басқару;

-Жылу энергетикасы;

-Электр энергетикасы;

-Машина құрастыру;

-Көлік, көлік техникасы мен технологиялары;

-Робототехникалық жүйелер;

-Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша);

-Стандарттау мен сертификаттау;

-Агрономия;

-Аграрлық техника және технология.

📞Байланыс тел: +7 707 431 09

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ