Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
23.1 C
Мырзакент
ҮйАзамттық қорғаныс"Көктем-2024" оқу-жаттығу жиыны өтті

«Көктем-2024» оқу-жаттығу жиыны өтті

Бүгін Мақтаарал ауданында «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өтті.

Сағат 09:00-де «Дабыл-1001» сигналы берілуіне байланысты аудандық шұғыл ден қою жасақтары, азаматтық қорғау қызметтерінің қажетті құрал-жабдықтары мен техникаларының дайындығы тексерілді.

Аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі штабтың төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков қатысқан жиында көктем кезіндегі төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-әрекеттер, атап айтқанда көшіру іс-шараларын, ішкі істер органдарымен өзара әрекеттесу жоспарлары нақтыланып, барлық деңгейдегі авариялық-құтқару, диспетчерлік және болжау қызметтерінің жұмысы, жедел кезекшілік басқаруының ұйымдастырылуы, хабарлау және байланыс жүйесінің дайындығы нақтыланды.

Оқу-жаттығу барысында авариялық-құтқару қызметі және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуде шұғыл басқару алгоритмдері жасалып, халықты шұғыл хабарландыру үшін аудандық орталықтандырылған хабарлау жүйелері, дауыс күшейткіш құралдары, теледидар және басқа да БАҚ арқылы тарату тәртібі қаралды.

Төтенше жағдайлар аймағында және автокөлік коммуникацияларында адам өліміне жол бермеу бойынша құрылымдардың іс-әрекеттері, апат аймағынан адамдарды іздеу, оларды уақытша орналастыру аймақтарына көшіру, зардап шеккендерге бірінші дәрігерлік және медициналық көмек көрсету сияқты мәселелер де оқу-жаттығу барысында пысықталды.

Айта кетейік, жер асты суларының көтерілуі және жаңбырдың толассыз жаууы жағдайында Жаңажол ауылдық округіне қарасты арық-атыздар шұғыл түрде тазалау жұмыстары жүргізіліп, командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны қорытындыланды.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ