Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
16.5 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАРКімнің қолы “тряпка” деп ойлайсыздар?

Кімнің қолы “тряпка” деп ойлайсыздар?

Мақтаарал ауданы нағыз уәде бергіш аудан секілді. Қаншама адамды жұмыссыз қалдырдық деп ойлауда жоқ. Бақыт Асанов мырза, 19:00 ден соң үйге тіке қайтпас бұрын клубқа бір соғып өтесіз бе? Барлығы базада сізді күтіп жатыр. Доп ойнасын ба? Әлде сіздер берген уәдені қоректеніп жатсын ба? Әкім болып бір қаржыға ие бола алмасаңыз несіне қайта сайландыңыз?

Құрметті Дархан Амангелдіұлы!

Жастармен кездескен кезде, сізге облыстың жас футболшылары қамқорлық танытуыңызды сұрап еді. Қамқорлықтың “Қ” әріпі болмай қойғаны өкінішті. Анау “Тұран” командасы қанша млрд алсада үстеріне форма алған жоқ. Былтырғы киімдерін киіп жүр. “Тұран” деген атқа лайықты емес. Себебі негізгі құрамда қазақ түгілі мұсылман жоқ. Ақшаны млрд-тап бөлген соң, сәл бақылап қойсаңыз. Әлде 1,2 млрд теңге қызық емес пе сіздерге?

P.S. Қаншама адамды ортаға салып, уәдені беріп еді. Қолдарын беріп тұрып уәде бергендер, енді қолдарыңызбен пол жуыңыздар. Қаншама айлықты тренерлерге жазғандарыңызды ел білмейді деп ойлайсыздар ма? Анау басшыларыңыз ақшаны клубқа құйғаны қалай кетті. Оны клубқа емес мемлекеттің есебіне құймай ма?

(с) Олжас Мамыр, блогер

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ