Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
26.4 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықҚардан тазарту жұмыстары жүріп жатыр

Қардан тазарту жұмыстары жүріп жатыр

Ауа-райының күрт суытуына байланысты бүгін таңертең аудан әкімдігі жанындағы төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі штабтың кезектен тыс отырысы өтті.

«Казгидромет» РМК-ның Түркістан облыстық филаиалы алдағы бір аптада оңтүстік аудандарда қар жауып, темперетураның төмендейтінін ескерткен болатын.

Жиынға аудан әкімі Бақыт Асанов төрағалық жасап, тиісті коммуналдық мекеме басшыларына, кенттер мен ауылдық округ әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін қатаң бақылауға алуға, жылыту маусымындағы қауіпсіздік шараларын сақтауға, аудандық маңызы бар жолдар мен елдімекендердің ішкі көшелерін, ең бірінші кезекте мектепке, балабақшаға және медицина мекемелеріне алып баратын көшелерді қардан тазартуға арнайы тапсырма берді. Сондай-ақ, кенттер мен елдімекендердің орталық көшелеріне, бағдаршамдардың қиылысына, көпірлерге тұзды құм себу керектігін айтты.

Бақыт Насырханұлы әлеуметтік нысандардың жылыту жүйелерін қатаң бақылау керектігін де ескертті. Тұрындарға газ жүйелерінің қауіпсіздігін сақтау бойынша шұғыл түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін жеткізді.

Айта кетейік, қазіргі таңда кенттер мен ауылдық округтердің барлығында тынымсыз қардан тазалау жұмыстары жүріп жатыр.

Алдыңғы мақала
Келесі мақалада
ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ