Skip to content
Басты бет / ЖАҢАЛЫҚТАР / Қайтарымсыз грант ұтып ал!

Қайтарымсыз грант ұтып ал!

412

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз гранттарға өтінімдер 2026 жылғы 24 маусым мен 8 шілде аралығында business.enbek.kz порталында қабылданып жатқанын хабарлаймыз.

Гранттар әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарға конкурстық негізде 400 АЕК-ке дейінгі мөлшерде беріледі. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көпбалалы отбасылар мүшелері, асыраушысынан айырылуына байланысты төлем алушылар, қоныс аударушылар, қандастар, еңбек етуге қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған азаматтар конкурсқа қатыса алады. Аталған әлеуметтік статустың біріне сай келсеңіз және жұмыссыз немесе тіркелгеніне 1 жылдан аспаған дара кәсіпкер болсаңыз сізді конкурсқа қатысуға шақырамыз. Сонымен қатар, «Бизнес бастау» бойынша кәсіпкерлік сертификатыңыз болуы тиіс.

Сіз грант қаражатын ұтып алған жағдайда жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін қажетті еңбек құралдарын, жабдықтарды, мал мен құсты, көшет пен тұқымды сатып алуға, сондай-ақ бизнес жүргізуге арналған үй-жайларды жалдау ақысын төлеуге жұмсай аласыз.

Конкурсқа қатысу үшін business.enbek.kz сайты арқылы өтінім берсеңіз болады.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.