Сенбі, Желтоқсан 14, 2024
6.3 C
Мырзакент
ҮйБілімФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Бүгін 2024 жылдың 31 қазан күні Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты А. Байтұрсынұлы атындағы ЖББМ базасында «Оқушылардың білім сапасын арттыруда ғылыми-жаратылыстану сауаттылық тапсырмаларын пайдалану арқылы сапалы білім беру» тақырыбында химия, биология пәні мұғалімдерінің тәжірибелік семинары өтті. Семинар барысында баяндамалар тыңдалып, өзара диалог, пікірталас форматында тәжірибе алмасу жүзеге асырылды. Мақсатты мектептердің ағымдағы жылда нақты атқарылатын жұмыстарының жоспары таныстырылды. Химия, биология пәндерінде танымдық , функционалдық сауаттылыққа негізделген тапсырмаларды дайындап, қолдану жөнінде М.Ғабдуллин атындағы №52 ЖББМ химия, биология пәні мұғалімі Г. Аширова, А. Байтұрсынұлы атындағы ЖББМ мұғалімдері А. Қожанақова және Ү.Ералиевтер «Ғылыми-жаратылыстану сауаттылық тапсырмаларын шешудің тиімді жолдары» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.

«Болашақ» ЖББМ химия пәні мұғалімі Ж.Тумабаева «Функцоналдық сауаттылық. Химиядан тапсырмалар жинағы» тақырыбындағы ресейлік баспа жинағынан аударма жасап, әріптестермен бөлісті. Онда: » Су фаунасында токсиндердің жиналуы», «Көрінбейтін плащ», » Көмірқышқылды өрт сөндіргіш» тақырыптарына арналған функционалдық сауаттылық тапсырмаларын шешу жолдарымен таныстырды. Жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану арқылы түрлі деңгейде тапсырмалар құрастырып, қолдануы көптеген ұстаздарға пайдалы болды.

«Талдау» орталығының сайтында құпиялылықтан шыққан PISA тапсырмаларына «Болашақ» ЖББМ мұғалімі Ж.Тумабаева талдау жасады. Сонымен бірге Жамбыл атындағы ЖББМ биология пәні мұғалімі Ж. Миражиева авторлық бағдарламалардың жазылу реті бойынша таныстырылым жасады. Авторлық жұмыс жазу мұғалімнің кәсіби дамуы мен оқу сапасын арттыруда маңызды рөль атқаратындығына тоқталды.

Семинар соңында кері байланыс, ұтымды ұсыныстар берілді.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ