Среда, 5 февраля, 2025
6 C
Мырзакент
ҮйСЭСЭлектрондық-медициналық кітапшалар - жаңа талаптар

Электрондық-медициналық кітапшалар — жаңа талаптар

2024 жылдың 13 наурызындағы ҚР ДСМ бұйрығы негізінде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР ДСМ 16 қарашадағы № 196/2020 «Жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілді.​

​Жеке медициналық кітапша (ЖМК) – сыртқы түрі мен мәліметтерін электрондық цифрлық формада толығымен жаңғырта отырып, жұмысқа жіберілгендігі туралы белгімен нәтижелері жазылатын жеке құжат.

​Медициналық кітапша – жұмыс істеуге рұқсат беретін белгімен беріледі, яғни, қызметкердің электрондық цифрлық қолтаңбасы мен денсаулық сақтау субъектісінің QR-кодымен куәландырады.

Медициналық кітапшаларды беруді меншік нысанына және ведомствалық бағыныштылығына қарамастан, медициналық қызметке лицензиясы бар және Ресурстарды басқарудың ақпараттық жүйесінде тіркелген медициналық ұйымдар жүзеге асырады.

​Медициналық кітапша иесінің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде толтырылады. ЭЦҚ және денсаулық сақтау субъектісінің QR коды көрсетіле отырып, жеке медициналық кітапшада маманның аты-жөні, жұмысқа қабылдау мерзімі көрсетіледі.

​Мәліметтердің қате енгізілгені анықталған жағдайда тиісті жазбаны енгізген денсаулық сақтау субектісінің қызметкерлері оның жеке куәландырылған ЭЦҚ арқылы түзетулер енгізіледі.

​Бұйрық 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ