Среда, 12 марта, 2025
18 C
Мырзакент
ҮйАЙМАҚЭкологиялық марафон Жаңажол ауылдық округінде жалғасын тапты

Экологиялық марафон Жаңажол ауылдық округінде жалғасын тапты

Қоршаған ортаға қамқорлық көрсету — әрбір адамға жүктелген міндет. Адам табиғаттың бір бөлшегі ретінде экологияны сақтауға және оны таза ұстауға жауапты. Мұны әркім өз деңгейінде жасай алады. Мысалы, тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау, ағаш отырғызу, су мен энергияны үнемдеу — бұлардың бәрі қоршаған ортаға деген қамқорлықтың маңызды қадамдары болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында күні кеше Мырзакент кентінде басталған марафон бүгін Жаңажол ауылдық округінде жалғасын тапты.

Тазалық іс-шарасына ауыл әкімі міндетін атқарушы Мырза Мұса, осы округтен сайланған аудандық мәслихаттың депутаты Жанболат Саттаров, ауыл билері Әбді Мұғалбеков пен Тіллә Файзиевтер және округтің тұрғындары қатысты.

«Экологиялық тазалық — бұл жеке адамның, қоғамның және бүкіл планетамыздың денсаулығын сақтау үшін қажетті шарт. Егер біз табиғаттың, туған жеріміздің, қоршаған ортамыздың таза болуына мән бермесек, оның барлық зиянды әсерлері бізге қайтып оралады. Ластанған су, ауаның сапасының нашарлауы, топырақтың бұзылуы — бұлардың бәрі адамдардың денсаулығына зиян келтіреді. Сондықтан, әркім өз айналасын таза ұстап, табиғатты қорғауға өз үлесін қосуы керек» — деді, Жаңажол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы әрі акцияны ұйымдастырушы Нұрмұхаммед Аязбеков.

Марафон барысында 8 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылып, бұл қоқыстар аудан аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонға төгілді. Жолдар мен аяқжолдардың бойы ретке келтіріліп, арық-атыздар мен ирригациялық жүйелер тазаланды. Сонымен қатар, шараға 2 техника бірлігі мен 120 адам қатысып, экологиялық акция жоғары дәрежеде өтті.

Іс-шара барысында ауылдық округтің мәдениет үйінің қызметкері Ақтөре Құрманбай мемлекет басшысының бастамасын толық қолдайтынын айтып, бүкіл қазақстандықтарды отанымызды таза ұстауға, туған жерімізді қадірлеп-қастерлеуге шақырды. Сондай-ақ, ол тазалық бойынша челленджді Жаңажол ауылдық округінен Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінің тұрғындарына жолдады.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ