Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
13.7 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметДүниежүзілік сайлау күніне орай еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Дүниежүзілік сайлау күніне орай еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Дүниежүзілік сайлау күніне орай, Мақтаарал ауданы әкімі Бақыт Насырханұлы еңбек ардагерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге сайлау жүйесінде қызмет атқарған еңбек ардагерлері Артықбай Бозаев пен Елдар Қазыбеков ағаларымыз арнайы шақырылды. Аудан басшысы Бақыт Насырханұлы сайлау жүйесіне еңбегі сіңген азаматтарға Қазақ халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүрі бойынша шапан жауып, алғыс айтып, құрмет көрсетті. Кездесу соңында аудан басшысы, ардагерлеріміздің орны қашан да бөлек екенін, ауданымыздың игі істеріне куә болып, аман-есен жүре берулеріне тілектес екенін айтып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақ-береке тіледі.

Соынмен қатар, Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Дүниежүзілік сайлау күніне арнайы бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, №25 «Жаңажол» жалпы орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты жастарға сайлау заңнамасының талаптарын, құқықтарын түсіндіру және жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыру. Кездесуде 2023 жылы сайланған Жаңажол ауылдық округінің әкімі Тұранов Марат Есенұлы сөз бастап, оқушыларға сайлау жүйесінің негізгі талаптарын атап өтті. Кездесу барысында оқушылар тарапынан сайлау жүйесіне қатысты Жаңажол ауылдық округі әкімі М.Тұрановқа және Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ш.Сатыбалдиевке сұрақтар қойылып, сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Кездесу нәтижелі және қызықты өтті.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ