Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында мақтааралдықтар сенбілікке шықты

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында мақтааралдықтар сенбілікке шықты

105

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ұйымдастыруымен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында, ағымдағы жылдың 30 мамырында Мақтаарал ауданының аумағында кең көлемді сенбілік өткізілді.

Тазалық шарасына мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, еріктілер, қоғамдық ұйым өкілдері және аудан тұрғындары белсенді қатысып, жалпы саны 1565 адам экологиялық акцияға атсалысты. Бірлескен еңбектің нәтижесінде республикалық маңызы бар «А-15» автомобиль жолының бойы мен оған іргелес аумақтар қоқыстан тазартылып, жалпы көлемі 4,2 тонна тұрмыстық және кездейсоқ қалдықтар арнайы орындарға шығарылды.

Сенбілік барысында қатысушылар қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын насихаттап, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған игі бастамаға өз үлестерін қосты. Мұндай шаралар тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып қана қоймай, өңірдің санитарлық тазалығын сақтауға және экологиялық ахуалды жақсартуға оң ықпал етеді.

Аталған іс-шараның өту барысын аудан әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков арнайы бақылап, тазалық жұмыстарының сапалы әрі ұйымдасқан түрде жүргізілуін қадағалады. Сонымен қатар, қатысушыларға қоршаған ортаны қорғау және қоғамдық орындардың тазалығын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында республика көлемінде түрлі экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Бұл бастама қоршаған ортаны қорғауға қоғамның барлық өкілдерін жұмылдырып, таза әрі жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.