Қазіргі уақытта облысымызда дезинфекция жасайтын жеке кәсіпкерлердің саны жыл сайын арта түсуде. Дезинфекциялық қызметпен айналысатын әрбір мемлекеттік мекеме, немесе ЖШС, ЖК көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Олар пайдаланатын химиялық препараттар дұрыс пайдаланбаған жағдайда адам мен жануарлардың, құстардың өміріне де қауіп төндіретінін есте сақтау қажет.
Дезинфекциялау жұмыстары кезінде және одан соң улану жағдайларына жол бермеу бойынша бірқатар қауіпсіздік талаптары бар.
Дезинфекциялағыш құралдармен жұмыс істеуге тартылатын мамандар (дезинструктор, дезинфектор) әрбір 5 жыл сайын дезинфекция, дезинсекция, дератизация бойынша кәсіби даярлықтан өтеді. Дезинфекциялық құралдармен жұмыстар жүргізген кезде жеке бас қорғаныс, гигиена ережелерін қатаң сақтау қажет. Өңделіп жатқан (жаңа өңделген) бөлмеде темекі шегуге, ішуге және тамақ ішуге тыйым салынады. Улы заттар еш жағдайда тамақ өнімдеріне түспеуі тиіс, яғни сыртқа шығарылуы және беттері тығыз жабылғаны жөн. Қолға, бетке және дененің басқа ашық жерлеріне тамған, шашыраған эмульсиялар, дуст және т. б. заттар болса, ол жерлерді сабынмен жуу қажет. Дезинфекциядан кейін міндетті түрде белгіленген уақыт өткен соң терезелер, желкөздерді ашу жолымен үй-жайды желдету және ылғалды тазалау керек. Дезинфекциялық препартаттар тек пайдалану нұсқамалығына сәйкес қолданылады.
Ең бастысы, тек арнайы кәсіби дайындығы бар адамдар, яғни дезинфекциялық жұмыстармен айналысатын мамандандырылған ұйымдарға жүгіну қажет. 2022 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-126 бұйрығына сәйкес Заңына өзгерістер енгізілген, атап айтқанда «Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекция, дезинсекция, дератизация жұмыстарын жургізу қызметі» лицензиялауға жатады және дәрілік заттар сақтайтын қоймаларды қоспағанда, басқалай рұқсатнама қағаздары талап етілетін болады. Бұл өзгерістер 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген.
Дезинфекция қызметімен айналасатын кәсіпкерлік субъектілері 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін лицензия алуға міндетті.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 107-бабына сәйкес инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы, таралуының алдын алу мақсатында жеке және заңды тұлғалар өз қаражаттары есебінен жүйелі негізде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау құжаттарына сәйкес профилактикалық, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуге міндетті.
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Н.Нышанов


