Сейсенбі, Қыркүйек 17, 2024
20.4 C
Мырзакент
ҮйБілімБІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті ұстаздар қауымы!

Ата-аналар және оқушылар!

Міне, жаңа 2024-2025 оқу жылы да келіп жетті. Білім күнін сағына күткен балалар мектепке асығары сөзсіз.

Мектеп – білім ордасы, алтын ұя. Мектеп қашан да жақсылық пен ізгіліктің, парасаттылық пен руханиятқа толы ойдың, таным мен тәрбиелі істердің ордасы екені баршамызға белгілі.

Бүлдіршіндердің бойына үнемі ізгілікті дарытып, болашаққа жол сілтейтін ұлағатты ұстаздар екеніне ешкімнің таласы жоқ.

ХІ ғасырда өмір сүрген ғұлама Жүсіп Баласағұн:

«Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар», – деп ұрпағынының аспан әлемін бағындыратынын болжап кеткен, яғни болашақ білімділердің заманы болатынын 10 ғасыр бұрын айтқан болатын.

Білім – әрбір адамға берілген баға жетпес байлығы. Жылдан-жылға білім нысандарының материалдық-техникалық базасы нығайып, жаңа озық технологиялармен жабдықтау жүзеге асуда. Ауданымызда да көптеген білім нысандарының құрылысы жүріп, жаңа әрі заманауи мектептердің қатары жылдан жылға көбеюде. Мәселен, ауданымыз қайта құрылғалы 6 жыл ішінде 20-дан астам жаңа мектеп ғимараты пайдалануға беріліпті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №963 санды қаулысына сәйкес, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында аудан аумағына 5 жайлы мектеп құрылысы жоспарланған. Қазіргі таңда 2023-2024 жылдары Атакент кентіндегі 1500 орындық және Үлгілі елді мекенінен 600 орындық жайлы мектептің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Сонлдай-ақ, 2024-2025 жылдары Атакент кентінен 900 орындық және Жамбыл ауылдық округі, Абай елді мекенінен 900 орындық мектептердің құрылыс-монтаж жұмыстары басталатын болады. Қазіргі таңда жалпы 6 мектептің құрылысы жүріп жатыр, тағы 3 мектептің құрылысы басталады.

Оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау мақсатында биыл күрделі жөндеуді қажет ететін 19 білім нысаны бойынша (17 мектеп, 1 жазғы лагерь, 1 УПК) облыстық бюджеттен 126 млн. 772 мың теңге қаржыға жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, сараптамалық оң қорытындысы алынды. Оның ішінде, 2024-2025 жылдарға «А.Пушкин», «Қ.Сәтпаев», «М.Тұрсын-Заде атындағы №56 жалпы білім беретін мектептеріне» 2 696 266 612 теңге қаралып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Шұғыла», «С.Рахымов», «Ғ.Мүсірепов», «Х.Доспанова» 4-мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарына жалпы сомасы 228,03 млн теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.

Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі қиындығы мол еңбекте тың табыстарға қол жеткізулеріңізге тілектеспін!

Бүгінгі оқушыларымыздың ата-бабамыздың елі мен жеріне деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, білімді әрі ой өрісі кең азаматтар болып өсетініне сенімдімін.

Білім күні құтты болсын!

Ізгі ниетпен,

Мақтаарал ауданының әкімі

АСАНОВ БАҚЫТ НАСЫРХАНҰЛЫ

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ