Четверг, 25 июля, 2024
24.8 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАРБАРШАҢЫЗДЫ ҚАСТЕРЛІ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!

БАРШАҢЫЗДЫ ҚАСТЕРЛІ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!

Құрметті мақтааралдықтар!

Қадірменді жерлестер!

Баршаңызды қастерлі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрбан айт – исламды жақсылықтың, жасампаздық пен үйлесімдіктің діні екенін паш етіп, күллі мұсылман қауымын бейбітшілік пен татулыққа, өзара түсіністікке шақыратын қасиетті мейрам. Сондай-ақ, ол – діни мереке ғана емес, барша адамзатты бір-біріне көмек қолын созуға үндеп, бауырмалдыққа баулитын үлкен рухани құндылық.

Бұл күндері адамдар жақындарына ақ тілектерін арнап, игі істер жасауға ұмтылады.

Құрбан айт алуан түрлі конфессиялар мен этнос өкілдері тұратын Қазақстанда азаматтардың бойына ізгілік нәрін сеуіп, олардың ұстанатын діні мен ұлтына қарамастан, бір-бірін қадірлей білуге зор ықпал етеді. Сондай-ақ, рухани тұтастығымызды нығайтып, бірлігімізді бекіте түседі.

Осынау жарқын мерекеде әрбір шаңыраққа бақыт, бейбіт өмір мен береке-бірлік тілеймін!

Қасиетті мейрамда шалған құрбандықтарыңыз бен ізгі ниеттеріңіз сауаптан жазылсын!

Айт қабыл болсын, жерлестер!

Ізгі ниетпен,

Мақтаарал ауданы әкімі м.у.а.

ТӨРЕБЕКОВ БЕЙСЕНБАЙ ТАСБОЛАТҰЛЫ

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ