Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы ауылдың жағдайы жақсарады деп айтқанын, ауылдағы жұртшылық білмейтін секілді немесе аудан әкімдіктері. Әйтпесе мына фельшерлік акушерлік пунктіне жапқызып тастайтын еді. Ем алудан алдын, ауру табатын орын секілді.
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында орналасқан бұл ФАП-қа қашан көңіл бөлесіздер Асхан Байдувалиев мырза? Өзіңізде табаныңыз тиген орынға күрделі жөндеу деп алдаса сенбеңіз. Шұрық тесіктерді жәй бекітіп жатыр. Сосын гигеналық талапқа сай ма? Асхан аға, оған қоса көмірді осындағы қызметкерлер өз қалтасынан сатып алып жатыр. Алып келген көмір жанбайды. Ол бойынша да ақпарат берсеңіз.
Мәжіліс депутаты Timur Kyrykbayev аға, бұл ауыл үйдегі жеңгем ауылы екен. Ер азаматтың 3 жұрты бар деп, бір жұртыңызға көңіл аударсаңыз. Жалпы жағдайды менен жақсы білесіз.
Ақбөпе Тәңірберген “Мақта қыз” егер денсаулық министрін көріп жатсаң осы фотоны көрсетші. Мүмкін келесі сумкасының ақшасын осында жұмсар.
Түркістан Облысы Сэбд сіздер осы ғимаратқа бір бақылау жүргізсеңіздер. Сіздердің талаптарыңыз мүлдем орындалмағаны көрініп тұр.
Қарсыбай Гүлзия досым, мұнда ремонтқа қанша қаржы бөлініп оны игерлуіне мониторинг жасауға шықсаңыздар.
(с) Олжас Мамыр, блогер