Сенбі, Желтоқсан 14, 2024
6.3 C
Мырзакент
ҮйБілімБалабақша - бақытты балалық әлемі

Балабақша – бақытты балалық әлемі

2024 жылдың 14 тамызында Мақтаарал ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, мен мектептердің мектеп алды даярлық сынып педагогтеріне арналған « Digital Kazakhstan заманауи білім беру» педагогтерінің Республикалық тамыз саммиті онлайн режимде интерактивті секциясы болып өтті. ҚР ОАМ Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манара Елекенқызы Адамова модератор ретінде секция жұмысын жүргізіп отырды.

Мектепке дейінгі білім беруді дамытудың басым бағыттары; 2024-2025 оқу жылында ҚР мектепке дейінгі ұйымдары мен мектеп алды сыныптарында тәрбиелеу білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хаты

1.МДҰ балаларының қауіпсіз болуын қамтамасыз ету. балалармен, ата-аналармен және айналасындағылармен қарым-қатынас жасауда педагогикалық әдеп нормаларын қатаң сақтау, зорлық-зомбылықтың, буллингтің және балалардың құқықтарын бұзудың кез келген түрін болдырмау;

2.Мектепке дейінгі ұйымдарда мерекелік шараларды ұйымдастыру.

3.Мектепке дейінгі тәрбие мен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін білім беру ұйымдарында консультациялық пунктер жұмысын ұйымдастыру.

4. Тілге бойлау жобасын іске асыру. педагогтердің біліктілікті арттыру курстарынан өткізу арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілін үйрету бойынша «Тілге бойлау» пилоттық жобасын іске асыру; бағыттары айқындалды.

*Алматы қаласы ББ білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің жетекшісі; Тумаева Раушан Кабдолдаевна «Мобильді топтардың жұмысын іске асыру» туралы тоқталып шықты. МДҰ педагогтарының кәсіби деңгейін арттыру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда сапалы қызметтер көрсетуде жақсарту, заттық –кеңістік дамытушы ортаны құруда әдістемелік көмек беру, білім сапасының көрсеткіштері төмен мектепке дейінгі ұйымдарда жағдайларды жақсартуға үнемі көмек беріп отыру керектігін айтып жеткізді.

ҚР ОАМ Балаларды ерте дамыту институты директорының міндетін атқарушысы; Ерманова Мария Наятовна 2024-2025 оқу жылында тәрбиелеу мен білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері. Ата-аналарға консультациялық көмек виртуалды әдістері мен тәсілдеріне нақты тоқталып өтті. «Балақайлар мектебі» бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді мектеп алды даярлықты ұйымдастыру, ата-аналарға консультациялық пунктің жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар қамтылды. Балаларды Ерте Дамыту институтының ұйымдастыруымен өткізілген тамыз самиті мектепке дейінгі педагогтарға үлкен әсер мен жұмысқа деген серпіліс бергені анық.Секцияда мазмұнды және маңызды тақырыптар қозғалып айтылды. Бүлдіршіндерімізге жарқын болашақ, шығармашылық табыстар тілейміз.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ