Сейсенбі, Қазан 15, 2024
8.8 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметБ️ылтырдан бастап елімізде Отбасының цифрлық картасы іске қосылғаны белгілі

Б️ылтырдан бастап елімізде Отбасының цифрлық картасы іске қосылғаны белгілі

Б️ылтырдан бастап елімізде Отбасының цифрлық картасы іске қосылғаны белгілі. Бұл жүйе мемлекеттік қолдау шараларын белсенді тағайындау мақсатында іске асырылып жатыр. Түркістан облысы халық саны республикада жағынан көш бастайды. Соған сай әлеуметтік мәселелер де жиі кездеседі.

Шешу жолдарының бірі – ОЦК жүйесіндегі әрбір отбасы жайлы деректерді өзектендіріп отыру. Өте маңызды. Өйткені ОЦК жүйесі – отбасының экономикалық, әлеуметтік және тұрғын үй жағдайлары, әл-ауқаты, денсаулығы мен білімі туралы ақпараттар тұрмыстық деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Жақында ғана ОЦК өзектендіру бағытына қатысты аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, жұмыспен қамту және мансап орталықтарының мамандары, яғни мүдделі органдарға оқыту семинарлары өтті.

Осы жұмыстарды өңір деңгейінде ұйымдастыруға жауапты басқармалар, 17 аудан және қала әкімдерінің жауапты орынбасарларымен онлайн-офлайн форматта жиын өткіздім.

Өңір көлемінде жыл соңына дейін D және Е деңгейіндені отбасылар санын азайту жоспарланды. Алдыңғы басқосуда жауаптыларға міндеттер жүктелген. Облыс басшысы Дархан Сатыбалдының қатаң бақылауында тұрған мәселе. 2024 жылғы 19 тамыздағы жағдай бойынша 168 579 отбасы өзектендіру қажет еткен болатын. 3 қыркүйектегі талдау нәтижесі 0,2%-ға өскенін көрсетті. Бірқатар аудан жұмысты тиісті деңгейде орындаса, кейбірі керісінше мониторингтік қызметті дұрыс атқармаған. Ақпараттық жүйеде отбасы санында өсім байқалады.

Мониторингті жүргізу барысында медициналық мекемеге тіркелмеген отбасы мүшелерін, «МӘМС жүйесіне қатысушылардың болмауын және мектепке тіркелмеген балаларды болуын анықтау, еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамту шараларына тарту, мекенжай бойынша зерделеу, үй малын тіркеу, құзіреттілікке жатпаса да кредиттері бойынша берешегін өтеуге демеушілер арқылы ықпал жасау немесе банкроттыққа ұшырауды рәсімдеуге назар аудару керек. Яғни жан-жақты талдауларды қажет ететін ақпараттық жүйе болып отыр. Отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бұған дейін де атқарылған іс. Дегенмен ОЦК жүйесі жаңа технологиялардың көмегімен жұмысымызды әлдеқайда жеңілдетері анық. Сондықтан жұмысшы топ жауапкершілікпен қарауға тиіс.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ