Сенбі, Желтоқсан 14, 2024
6.3 C
Мырзакент
ҮйMAKTAARAL TVАуыл шаруашылығы республикада бірінші орынға шықты

Ауыл шаруашылығы республикада бірінші орынға шықты

Түркістанда өнім көлемінің өсімі 107% құрап, республикада бірінші орынға шықты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта облыста ауқымды жұмыс жүруде.

 Қазір Түркістан облысы үшін өнімділікті арттыру үшін су үнемдеу және басқа да жаңа технологияларды енгізу маңызды. Әрбір аудан әкіміне су үнемдеу технологиясын енгізу бойынша индикатор белгіленіп, нақты жоспар берілуі тиіс. Бөлінген тыңайтқыштар туралы да шаруаларға ақпарат беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу күн тәртібінен түспек емес. Тек осы қолдауды тиімді пайдалану керек.

 Ауыл шаруашылығы министрлігінің жол картасына сәйкес, 2024 жылы 156 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарланған. 97,9 мың тонна минералды тыңайтқыш сатып алынған. Тауар өндірушілерді қолдауға облыстық бюджеттен 7 млрд теңге қаржы бөлініп, толық игерілді. Жарты жылдыққа 13 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілді. Оның ішінде, 8 мың гектарға тамшылатып, 5 мың гектарға жаңбырлатып суару технологиялары орналастырылған.

 Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылдан 3 мың гектарға ұлғайып, 873 мың гектарға егілді. Облыстың ерекшелігіне қарай астықты ору науқаны да қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күнге 220 мың гектар орылып, 25 центнерден 554 мың тонна өнім қамбаға құйылды. Жалпы 716 мың тонна дән жинау күтіліп отыр. Жоспар бойынша биыл 3,5 млн. тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдері жиналмақ.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ