Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
16.5 C
Мырзакент
ҮйАуыл шаруашылығыАудан басшысы көктемгі дала жұмыстарымен танысты

Аудан басшысы көктемгі дала жұмыстарымен танысты

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов жұмыс сапарымен Иіржар ауылдық округінде болып, көтемгі дала жұмыстарымен танысты.

Қазіргі таңда ауданда 545 гектар алқапқа қырыққабат дақылы, 1219 гектарға бақша дақылы, 414 гектарға жоңышқа дақылы егілген. Жақын арада қырыққабаттан алынған өнімдер нарыққа жол тарта бастайды. Бүгінде мақта дақылын егу үшін сор шаю жұмыстары түгелдей аяқталып, жерді тырмалау, шыжылдау жұмыстары жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Баязит Әлімқұл биыл мақта дақылын егу үшін 954 ауыл шаруашылығы тракторы, 415 чизель, 3876 тырма, 212 тұқым сепкіш техникалары дайын тұрғанын аудан басшысына жеткізді. Сондай-ақ, аудан аумағындағы тұқым шаруашылықтары мақта шитін дайындап, алыс-жақын шет мемлекеттерден, оның ішінде Түркия, Өзбекстан, Қытай мемлекеттерінен қосымша тұқымдар келіп жатқанын да тілге тиек етті.

Аудан әкімі ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысына сәуір айының әрбір қолайлы күнін пайдаланып, көктемгі дала жұмыстарын жылдағыдан ертерек аяқтау үшін шаруаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар, бұл жұмыстар үшін мемлекет тарапынан берілетін жанар-жағармай мен басқа да көмектерді беруді сапалы ұйымдастыру керектігін ескертті.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданының егістік жерлеріне Өзбекстан Республикасындағы «Сырдария» аумақтық су шаруашылығы бірлестігінің есебіндегі «Достық» магистральды каналы арқылы ағын су жеткізіледі. Аудан басшысы магистраль каналдан кіші каналдарға құяр басындағы тоспалар мен шлюздердің жай-күйін бақылап, су тасқынының алдын алу жұмыстарын да пысықтап қойды.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ