Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов бокстан халықаралық турнирдің чемпионы Тұрлыбай Ерубайды қабылдады.
2024 жылдың 24-28 наурыз күндері Астана қаласында олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогінің иегері Бақтяр Артаевтың жүлдесіне арналған Халықаралық турнирде 80 келі салмақта барлық қарсыластарын жер жастандырған мақтааралдық боксшы чемпион атанды.
Аудан басшысы жас боксшыға халықаралық турнирде облысымыздың және ауданымыздың абыройын асқақтатқаны үшін шынайы алғысын айтты. Сый-сияпаттарын табыстап, бұдан да жоғары жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдірді.
Бұған дейін жас былғары қолғап шебері 2023 жылдың 9-16 желтоқсан күндері аралығында Ақтау қаласында өткен 2008-2009 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы ҚР Чемпионатында 80 келі салмақта алтыннан алқа тағып, республика чемпионы атанған еді. Енді, міне халықаралық жарыста да өзін биіктерден көрсетіп жатыр.
Айта кетейік, Е.Тұрлыбай 2008 жылы Мақтаарал ауданы, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі Өнімкер елдімекенінде туылған. Жаттықтырушысы – Ерғали Ердешов.