Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
26.4 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықАудан әкімі ҚР Чемпионын қабылдады

Аудан әкімі ҚР Чемпионын қабылдады

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов қазақ күресінен жақында ғана Қазақстан Республикасының чемпионы болған Рузиман Тугушевты қабылдады.

Аудан басшысы жас палуанға республикалық чемпионатта облысымыздың және ауданымыздың абыройын асқақтатқаны үшін шынайы алғысын айтты. Сый-сияпаттарын табыстап, бұдан да жоғары жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдірді.

Р.Тугушев 2005 жылы Мақтаарал ауданында дүниеге келген. 2017 жылдан бері қазақ күресімен шұғылданады.

2021 жылы Орал қаласында, 2022 жылы Шымкент, Талдықорған қалаларында өткен жасөспірімдер арасындағы ҚР-ның Чемпионаттарында чемпион атанып, алтыннан алқалар тақты. Сол жылы Астана қаласында өткен Әлем чемпионатында ІІІ орыннан көрінді.

2023 жылы Түркістан қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында І орынды алып, Азия чемпионы атанды. Міне, биыл 24-26 ақпан күндері Ақтөбе қаласында қазақ күресінен өткен жастар арасындағы ҚР-ның Чемпионатында тағы да алтыннан алқа тағып, аудан әкімінің құрметіне бөленіп отыр.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ