Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
17.6 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметАудан басшысы әйелдерге сый-құрмет көрсетті

Аудан басшысы әйелдерге сый-құрмет көрсетті

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов мерекелік дастархан жайып, нәзік жандыларды көктемнің шуақыт мерекесімен құттықтады.

Мырзакент кентіндегі «Тәжі» мейрамханасында өткен салтанатты іс-шараға ауданның әжелері, көп балалы аналар және әртүрлі салада белсенді қызмет етіп жүрген әйелдер мен қыз-келіншектер қатысты.

«Сіздердің махаббат тұнған жүректеріңіз бізге әркез сенім мен жігер береді. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген аналар қауымы ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін айрықша күшке ие. Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін!» – деді Бақыт Насырханұлы.

Мерекелік шарада аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама қойылып, кеш қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ