Жұма, Қараша 8, 2024
8.3 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметАудан әкімінің кубогіне арналған облыстық дебат турнирі өтті

Аудан әкімінің кубогіне арналған облыстық дебат турнирі өтті

Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы” КММ – нің ұйымдастыруымен «Мақтаарал ауданы әкімінің кубогы» атты жастар арасында облыстық пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирді аудан әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызы ашып беріп, біздің қоғамға білімді, өз ойын ашық жеткізе білетін, сөздің қадірін түсінетін ораторлық шеберлігі қалыптасқан жастар керек-ақ. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған облыстық пікірсайыс турнирінің негізі мақсаты да осында деп қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аталмыш турнирде Ордабасы, Төлеби, Қазығұрт, Шардара, Сарыағаш, Келес, Жетісай және Мақтаарал ауданының пікірсайысшылары бақ сынады. Жалпы турнирге аудан, қаладан келген 11 фракция қатысты.

Турнирдің алғашқы іріктеу кезеңдерінде барлық фракциялар тамаша ойын көрсетіп, үздіктері жартылай финал және финал кезеңдерде өзара мықтыны анықтады..

Турнир қорытындысы төмендегідей:

I орын – Жетісай ауданы “Ақиқат шыңы” фракциясы. (100 000 теңге)

II орын – Ордабасы ауданы «Үстемдік» фракциясы. (70 000 теңге)

III орын – Мақтаарал ауданы «Таскескен» фракциясы. (50 000 теңге)

“ҮЗДІК ОРАТОР” номинациясын Қазығұрт ауданынан келген “Жігерген жақұттары” фракциясы иеленді.

Финал соңында Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызы және Мақтаарал ауданы ішкі саясат

бөлімінің басшысы Бабашев Мадияр, Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ – нің басшысы

Ошантаев Нұркен өздерінің тілектерін білдіріп, жеңімпаз қатысушыларды құттықтап, марапаттады.

Турнирге келіп қатысқан, керемет ойын өрнегімен көзге түскен барша аудан, қаладан келген фракцияларға алғысымыз шексіз.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ