Понедельник, 13 октября, 2025
19 C
Мырзакент
ҮйАЙМАҚАудан әкімі орталық саябақтың құрылысын 10 күнде аяқтауды тапсырды

Аудан әкімі орталық саябақтың құрылысын 10 күнде аяқтауды тапсырды

Мақтаарал ауданыынң орталығы Мырзакент кентінде салынып жатқан жаңа орталық саябақтың құрылысы мәресіне таяп қалды. Бұл – өңір халқы көптен күткен әлеуметтік-мәдени нысандардың бірі.

Күні кеше Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов саябақтың құрылыс алаңына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстармен жеке танысты. Нысанды аралау барысында аудан басшысы мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын алдағы 10 күннің ішінде толық аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, кейбір кемшіліктерді түзету бойынша ескертулер берді.

«Бұл саябақ – Мырзакент тұрғындарының демалысы мен бос уақытын тиімді өткізуіне арналған маңызды нысан. Отбасы мүшелерімен серуендейтін, балаларды қыдыртатын мұндай орындар ауданымызда өте аз. Сондықтан, бұл жоба – жергілікті халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты қадам», – деді Бақыт Насырханұлы.

Жобаға сәйкес, жаңа саябақ заманауи талаптарға сай абаттандырылып жатыр. Мұнда балаларға арналған ойын алаңшалары, әртүрлі атракциондар, ашық аспан астындағы концерт және мәдени іс-шаралар өткізетін алаң, сәндік субұрқақтар мен жасанды көлшіктер, демалыс орындықтары мен көлікке арналған автотұрақ және көгалдандырылған аймақтар қарастырылған. Бұл нысан тек демалыс орны ғана емес, сонымен қатар жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне арналған мәдени орта болмақ.

Саябақтың құрылысын жүргізіп жатқан мердігер – “ГрадСтройСервис” ЖШС. Жобаның тапсырыс берушісі – Мақтаарал аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, ал жобалаушы мекеме – “Сантех-Строй Проект” ЖШС. Құрылыс барысын техникалық тұрғыдан “Нұр&М Құрылыс” ЖШС қадағалап отыр.

Айта кетейік, жергілікті халық бұл нысанның аяқталуын асыға күтуде. Көпшіліктің пікірінше, бұл саябақ кенттің келбетіне көрік қосып қана қоймай, қауіпсіз әрі жайлы отбасылық демалыс орнына айналмақ.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ