Вторник, 15 июля, 2025
39.6 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықАудан әкімі күрделі жөндеу жұмыстары басталғалы тұрған білім ошақтарын аралады

Аудан әкімі күрделі жөндеу жұмыстары басталғалы тұрған білім ошақтарын аралады

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов аудан көлемінде білім беру мекемелерінде жүргізіліп жатқан құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысымен танысу мақсатында Жаңажол және М.Тоқжігітов атындағы жалпы орта мектептерге арнайы барды.

Жаңажол ауылдық округінде орналасқан Жаңажол жалпы орта мектебінде бүгінде күрделі жөндеу жұмыстары басталғалы тұр. Аталған мектеп 1976 жылы салынған және содан бері бірде-бір рет толық күрделі жөндеуден өтпеген. Мектептің іші-сырты жаңартылып, есік-терезелер, еден жабыны, жылыту және электр жүйелері толық ауыстырылатын болады.

Бақыт Асанов құрылыс жұмыстарын бастайын деп жатқан мердігер мекеменің өкілдерімен сөйлесіп, жұмыстың жобаға сай жүргізілуіне, сапасына және белгіленген мерзімде аяқталуына және техникалық қадағалау шараларына баса назар аударуды тапсырды.

Әкім сондай-ақ Мақтаарал ауылдық округі Н.Есентаев елдімекенінде орналасқан М.Тоқжігітов атындағы жалпы орта мектебінде де болды. Бұл мектептің де ғимараты ескі болғандықтан, күрделі жөндеуді қажет етеді.

Білім ұяларын аралау барысында әкім мектеп директорларымен, мұғалімдермен және ата-аналармен пікірлесіп, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Ата-аналар мен педагогтар білім саласына бөлініп жатқан қолдаулар үшін алғыс білдіріп, балаларға қолайлы жағдай жасалып жатқанына ризашылықтарын жеткізді.

Аудан әкімі сапар барысында Атакент кентінде бой көтеріп жатқан 1500 орындық «Жайлы мектеп» құрылысының барысын да назардан тыс қалдырмады. Құрылыс алаңындағы жұмыс қарқынымен танысып, кейбір кемшіліктер бойынша мердігер мекемеге нақты ескертулер жасады. Ол бұл жобаның тек аудан емес, бүкіл республика үшін маңызды екенін айтып, жұмыстардың сапасы мен мерзіміне жіті назар аударылатынын қадап айтты.

Айта кетейік, 2025 жылы Мақтаарал ауданында 5 мектепке күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, жалпы 4 мектептің құрылысы жүргізілуде. Бұл мақсатқа облыстық және республикалық бюджеттен қаражат қарастырылып, білім ошақтарын жаңартуға үлкен басымдық беріліп келеді.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ