Сейсенбі, Қыркүйек 17, 2024
23.2 C
Мырзакент
ҮйЖАҢАЛЫҚТАРАудан әкімі Б.Асанов мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтады

Аудан әкімі Б.Асанов мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтады

Құрметті мұнай-газ саласының қызметкерлері және ардагерлері!

Сіздерді – Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінде мұнай-газ кешені ел экономикасының дамуының негізгі күші.

Мұнай-газ кешені қызметкерлері Қазақстанның өндірістік өнеркәсібі базасын жаңартуға, инфрақұрылымдарды жетілдіруге барынша атсалысуда.

Бұл салада еңбек ететін әрбір қызметкердің еңбегі құрметке лайықты. Ерен еңбектеріңіздің арқасында еліміз өсіп-өркендеп, дамуда.

Тәуелсіздіктің 33 жылдығы ішінде еліміздің мұнай-газ өндірісінде еңбек ететін азаматтар өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, индустриялық-инновациялық дамуымызға орасан зор үлестерін қосып келеді.

Бүгінде Мақтаарал ауданын газбен қамту, тұрғындарға тұрақты түрде көгілдір отын жеткізу маңызды міндеттердің бірі саналады.

Қайта құрылғанына биыл 6 жыл толып отырған Мақтаарал ауданында 69 елді мекен бар. Оның 45-і табиғи газбен қамтамасыз етілсе, 23 елді мекенге жобалау сметалық құжаттамалары толығымен әзірленіп, 19 ауылға республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген 4,5 миллиард қаржының есебінен көгілдір отынға қосу жұмыстары жүргізілуде.

Қалған 4 елді мекеннің де тиісті құжаттары толығымен әзірленіп, қаржы бөлдіру мақсатында салалық басқармаларға ұсынылған. Қазіргі таңда ауданда елді мекен санымен есептегенде табиғи газбен қамту көрсеткіші 65% болса, халық саны бойынша есептегенде 75%-ға жеткен. 19 елді мекеннің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталса, 95%-ға жететін болады. Жалпы 2026 жылы мақтааралдықтар табиғи газды толығымен 100 пайыз пайдаланатын болады деп жоспарлаудамыз. Бұл дегеніміз, сіздерге жүктелетін міндет пен жауапкершілік және де көбейеді деген сөз.

Сондықтан, бүгінгі мерейлі күнде ардагерлер мен еңбек майданындағы газ қызметкерлеріне өз алғысымды білдіремін.

Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!

Ізгі ниетпен,

Мақтаарал ауданының әкімі

Асанов Бақыт Насырханұлы

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ