Сенбі, Қараша 23, 2024
8.5 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметАудан әкімі ауылын көркейтуге атсалысқан азаматтарға алғысын айтты

Аудан әкімі ауылын көркейтуге атсалысқан азаматтарға алғысын айтты

Мақтаарал ауданы Бірлік ауылдық округіне қарасты Алғабас ауылының тұрғындары өздерінің туып-өскен жерін көркейту мақсатында «А-15» автожолының бойында орналасқан аяқжолдың бойынша 15 дана орындық пен 15 дана қоқыс салғыш орнатты.

Бұған дейін мектепке баратын оқушылардың қауіпсіздігі үшін Алғабас ауылында 3 шақырым жерге аяқжол, 2,4 шақырым жерге жарықшам бағаналары орнатылған болатын. Сонымен қатар, «А-15» республикалық маңызы бар автожолдың бойында орналасан ауылға аудан әкімінің бастамасымен арнайы жер дайындалып, аумағы қоршалып, көшеттер егілген еді. Ауылдың мектебі күрделі жөндеуден өтіп, бүгінгі таңда мәдениет үйінің де құрылысы жүріп жатыр. Елдімекенде барлық коммуналдық мәселелер өз шешімін тапқан.

«Туған жер, туған ауыл – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қадам басқан қасиетті мекені, талай жанның өмірбақи тұратын өлкесі. Қайда жүрсек те кіндік қанымыз тамған жерді ұмытпауымыз керек. Туған елге, жерге деген сүйіспеншілік адамды алға жетелеп отырады. Сондықтан, ауыл азаматтарының ұйымдастыруымен туған жеріміз Алғабас ауылын көркейту мақсатында осындай жұмыстарды қолға алдық» – деді, ауыл биі Асқар Елшиев.

Аудан әкімі Бақыт Асанов жол-жөнекей Алғабас ауылындағы құрылыс жұмыстарына куә болып, «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауылын көркейтуге атсалысқан азаматтарға шынайы алғысын айтты. Республикалық «А-15» автожолының Атакент-Мырзакент бағытымен жолаушылар көп жүретіндіктен, аталған ауылды көркейту – өте маңызды екенін түсіндірді.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ