Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 29, 30 баптарына сәйкес, кент әкімі С.Азимовтың өкімімен Әбді Мейіржан Ерланұлы Атакент кенті әкімінің орынбасары мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындалды.
Кент әкімі жаңа орынбасарын ұжымына таныстырып, алдағы атқарар жұмыстарына сәттілік тіледі. Мақтаарал ауданы бойынша халық тығыз орналасқан кентте мәселелер шаш етектен екенін, оны шешуде білек сыбана бірлесе жұмыс атқару керектігін жеткізді.
М.Әбді 1998 жылы Түркістан облысы Мақтаарал ауданында дүниеге келген. 2019 жылы М.Әуезов атынадғы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін аграрлық техника және технология мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2019 жылы Мақтаарал ауданы Мақтаарал ауылдық округі әкімі аппаратында жастар практикасымен бастап, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде іс-қағаздар жөніндегі инспектор болып жалғастырған.
2020 жылдан бастап Мақтаарал ауданы әкімінің көмекшісі, 2022 жылы Мырзакент кенті әкімі аппаратында әскери есеп бойынша бас маман қызметтерін атқарған.
2022 жылдан бастап қазіргі қызметіне тағайындалғанға дейін Мақтаарал ауданы әкімінің көмекшісі болып еңбек етті.
Мейіржан Ерланұлы Желаю здоровья крепкого, удачи, успехов в поставленных задачах. Пусть всё сбывается и будет как ты хочешь.Удачи 👍👏