Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
19.4 C
Мырзакент
ҮйА.Қалыбеков а/оАбат елдімекенінде Наурыз тойы тойланды

Абат елдімекенінде Наурыз тойы тойланды

Мақтаарал ауданы Аязхан Қалыбеков ауылдық округіне қарасты Абат елдімекенінде дүбірлі Наурыз тойы тойланды.

Іс-шараға аудандық мәслихаттың депутаты Қалмырза Бейсенбаев қатысып, ауыл тұрғындарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

«Бұл күні диқандарымыз жерін жыртып, дән ексе, ел іші арық-атыз көзін ашып, ағаш еккен. Ауласын тазартып, ауылын абаттандырып, жақсы іс бастаған. Осы қасиетті күнде адамдар бір-біріне деген реніштерін кешіріп, ырыс-береке тілеген. Бұл – халқымыздың дархан, кең пейіл, достыққа берік екенінің белгісі. Ұлыстың Ұлы күні отбасыларыңызға береке мен бірлік, елімізге ырыс пен ынтымақ, тыныштық пен жақсылық әкелсін!» – деді, депутат.

Іс-шара барысында ауыл өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласып, көрермендерді билетіп, жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, ұлттық спорттық және ұлттық ойындардан жарыстар өтті.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ