Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Аудан басшысы тұрғындардың аманатын арқалады

Аудан басшысы тұрғындардың аманатын арқалады

54

19-ақпанда «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, партия филиалының мәжіліс залында Мақтаарал ауданының әкімі Асанов Бақыт Насырханұлы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдады.

Қабылдауға алдын ала жазылған азаматтар қатысып, өздерін алаңдатқан түйткілді сұрақтар мен ұсыныстарын жеткізді.

Кездесу барысында білім беру саласындағы жағдай, әлеуметтік қолдау шаралары, жер қатынастары, тұрғын үймен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту, елді мекендердегі жол сапасы мен су жүйелері, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге қатысты мәселелер көтерілді. Тұрғындар нақты шешімді қажет ететін жайттарды ортаға салды.

Аудан әкімі әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Көтерілген мәселелер бойынша жауапты бөлім басшылары мен сала мамандарына нақты тапсырмалар беріп, бірқатар сұрақтарды жан-жақты зерделеу қажеттігін атап өтті.

Қоғамдық қабылдау ашық әрі конструктивті форматта өтті. Оған аудан әкімімен қатар аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Мұхтар Сәрсенов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Ердәулет Амантаев, аудандық дербес бөлім басшылары, кент пен ауылдық округ әкімдері және тиісті сала мамандары да қатысып, тұрғындардың мәселелерін тиімді шешу жолдарын талқылады.

Айта кетейік, мұндай кездесулер халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беруге бағытталған.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.