Skip to content
Басты бет / Әлеумет / Аудан басшысы балаларға арналған жаңа жылдық шыршаға қатысты

Аудан басшысы балаларға арналған жаңа жылдық шыршаға қатысты

69

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Мырзакент кентіндегі «Тәжі» мейрамханасында аудан әкімі Бақыт Асановтың қатысуымен дәстүрлі жаңа жылдық балалар шыршасы өтті.

Балалардың шат күлкісі мен жүздеріндегі қуанышқа толы сезім мерекенің басты көркіне айналды. Әсем безендірілген шырша, мерекелік кейіпкерлер мен қызықты ойын-сауық бағдарламасы бүлдіршіндерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Іс-шара барысында аудан әкімі Бақыт Асанов балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

— «Біз бүгін осы шыршаның айналасында біріккен балалардың жүздерінен жарқыраған бақыт пен шаттықты көріп отырмыз. Сіздердің қуанышыңыз — біздің ең үлкен байлығымыз. Балалар — еліміздің болашағы. Сіздерге сапалы білім мен тәрбие беру арқылы біз жарқын келешекті қалыптастырамыз. Баршаңызға мықты денсаулық, бақыт, табыс пен жаңа жетістіктер тілеймін. Жаңа жыл құтты болсын!» — деді, аудан әкімі.

Мерекелік кеш барысында түрлі демеушілердің қолдауымен балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, ән мен би, қызықты қойылымдар, аяз ата мен ақшақар және ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен өткен ойындар балалардың көңілін көтеріп, ұмытылмас әсер қалдырды.

«Тәжі» мейрамханасының жайлы атмосферасы мен жоғары деңгейде ұйымдастырылған бағдарламасы шараның мазмұнын арттыра түсті. Аталған іс-шара әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларына қамқорлық көрсетудің, олардың жаңа жыл мерекесін қуаныш пен шаттықта қарсы алуына мүмкіндік берудің жарқын үлгісіне айналды.

Добавить комментарий

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.