Вторник, 14 октября, 2025
13.9 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМақтааралда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары күшейтілуде

Мақтааралда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары күшейтілуде

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті үшінші отырысы өтті.

Жиынға аудан прокуроры Айтболат Досаев, аудандық мәслихат төрағасы Қадыр Сарсекбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының өкілдері, ауданға қарасты аумақтық мекемелердің басшылары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ дербес бөлімдердің басшылары қатысты.

Комиссия отырысында еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты тиімді іске асыру, жергілікті деңгейде алдын алу шараларын күшейту, ашықтық пен есептілік қағидаттарын жетілдіру мәселелері кеңінен қаралды. Әсіресе мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттырып, қоғамдық бақылауды күшейту – күн тәртібіндегі басты міндет ретінде аталды.

Отырыс барысында үш негізгі бағыт бойынша өзекті мәселелер қаралды. Ең алдымен мемлекеттік сатып алу саласындағы өзекті мәселелер және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шалқар Әбеновтың есебі тыңдалды.

Мемлекеттік сатып алудың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету – аудан әкімдігінің басты назарындағы бағыттардың бірі. Бұл саладағы бұзушылықтар көбінесе жемқорлық тәуекелдеріне себеп болатыны айтылды.

Мұнан соң автомобиль жолдарының бүгінгі жай-күйі және салыну сапасына байланысты жұмыстар туралы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ғабит Полатов баяндама жасап, қазіргі жағдай мен проблемалық нүктелер туралы нақты мәліметтер ұсынды.

Аудан аумағындағы автожолдардың жағдайы мен олардың сапалы әрі уақытылы салынуы – тұрғындар үшін аса маңызды мәселе. Бұл салада мердігер ұйымдардың жұмысына бақылау, құрылыс стандарттарының сақталуын қадағалау, сапасыз жұмыстар үшін жауапкершілік мәселелері талқыланды.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселеде әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды жою бойынша ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрғали Елшібаев баяндады. Ол бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде, тиімді шешімдерге қатысты нақты ұсыныстарын ортаға салды. Әлеуметтік көмектерді үлестіру, жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асыру барысында туындауы мүмкін жемқорлық тәуекелдері бойынша жұмыстар жүріп жатқанын жеткізді.

Комиссия отырысының қорытындысында аудан басшысы күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді. Әсіресе, әр сала бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жүйелі түрде талдап, оларды болдырмауға бағытталған кешенді шараларды қабылдау қажеттігін баса айтты. Сонымен қатар, барлық бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне өз бағыттары бойынша жемқорлықтың алдын алу бойынша ішкі бақылау жүйесін күшейтуді, халықпен ашық әрі тиімді байланыс орнатуды тапсырды.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ