Туберкулез (лат. tuberculosis – түйіншек) – қауіпті жұқпалы ауру. Туберкулезді қоздырғышы – микобактериялар болып табылады. Бұл ауа-тамшылары арқылы, сирек жағдайда үй жануарларынан да жұғады.
ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ЖҰҒУ ЖОЛДАРЫ
• Туберкулез қоздырғышы ауру адам сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде ауаға тарайды.
• Қоздырғышы бар адам жөтелген кезде айналасына түкіру арқылы да жұқтырады.
• Инфекция ағзаға тыныс алу жолдары арқылы енеді.
ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР
• Иммунитеттің әлсіреуі;
• Толыққанды, үйлесімді тамақтанбау;
• Ауыр аурулардың қатар жүруі (ВИЧ/СПИД, қант диабеті және басқалар);
• Созылмалы күйзелістер;
• Зиянды әдеттер – темекі шегу, ішімдік ішу, есірткі пайдалану;
• Созылмалы тұрмыстық жағдайлар.
ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІЛЕРІ
• Жөтел – екі аптадан астам уақытқа созылады және қақырықпен жүреді;
• Дене қызуының көтерілуі және тершеңдік;
• Кеуде қуысының ауруы және әлсіздік;
• Дене салмағының төмендеуі;
• Түнгі уақытта терлеу;
• Тәбеттің төмендеуі;
• Қатты шаршағыштық және әлсіздік.
АУРУДЫҢ БЕЛГІЛЕРІН БАЙҚАҒАН ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
• Тез арада тұрғылықты мекенжай бойынша медициналық мекемеге жүгіну;
• Уақтылы анықталған туберкулез – аурудан айығудың кепілі.
ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАЛАРЫ
• Жаңа туған нәрестелер перзентханада туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинасымен егіледі;
• Екі айға дейін вакцина алмаған жағдайда, балаға Манту сынамасы жасалады;
• Манту сынамасы теріс болса – БЦЖ вакцинасы жасалады;
• 14 жасқа дейінгі «Қауіп тобына» жататын балалар жылына 1 рет қамтылады.
ТУБЕРКУЛЕЗДЕН АУЫРМАУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК
• Салауатты өмір салтын ұстану – дене шынықтыру, спортпен шұғылдану, таза ауада серуендеу;
• Дұрыс тамақтану – ет, сүт өнімдері, көкөніс, жеміс-жидектерді жеткілікті тұтыну;
• Зиянды әдеттерден аулақ болу – темекі, ішімдік, есірткі;
• Жеке бас гигиенасын сақтау – қолды жуу, бөлмені желдету, тұрмыстық тазалық;
• Үйді мезгіл-мезгіл желдетіп, тазалап отыру;
• Қоғамдық орындарда түкірмеу.
Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары А.Еркінбекова