Вторник, 14 октября, 2025
16.1 C
Мырзакент
ҮйАзаматтық қорғанысБ.Анарбеков экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуын бақылауды күшейтуді тапсырды

Б.Анарбеков экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуын бақылауды күшейтуді тапсырды

Өткен аптада аудан әкімінің орынбасары Бижан Анарбековтың төрағалығымен өткен мәжілісте ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері талқыланды.

Аталған мәжіліске аудан әкімі аппаратының бөлім басшылары, кенттер және ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары, аудандық полиция бөлімінің бастығы, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, Жетісай және Мақтаарал аудандарының біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, аудандық «Ветеринариялық Қызмет» КММ басшысы, «Мырзакент» және «Атакент» аудандық ауруханаларының бас дәрігерлері, №14 колледж директоры мен «Мақтаарал аграрлық колледж» директорлары қатысты.

Жиында ауданға бекітілген негізгі индикаторлар бойынша III тоқсан қорытындысы мен болжамды нәтижелері туралы ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Шалқар Әбенов баяндама жасады.

Ағымдағы жылдың басында ауданның дамуын бағалау үшін барлығы 9 блоктан тұратын 89 индикатор бекітілген. Осы индикаторлар арқылы ауданның әлеуметтік және экономикалық даму деңгейі жүйелі түрде бағаланып, талданып отыр. Бұл көрсеткіштер аймақтың әртүрлі салаларында қол жеткізілген жетістіктер мен кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді.

Жарты жылдың қорытындысы бойынша, жауапты мекемелер ұсынған алдын ала мәліметтерге сәйкес, жалпы 69 көрсеткіш бойынша жоспардың орындалуы «қанағаттанарлық» деп бағалануда. Бұл көрсеткіштер ауданның экономикалық жағдайының тұрақтылығын және әлеуметтік саладағы жетістіктерді көрсетеді.

Атап айтқанда, «ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ» блогы аса маңызды болып табылады. Бұл блокта бекітілген 9 көрсеткіштің 25%-ы маңыздылық үлесін құрайтындығы есепке алынып, аталған көрсеткіштердің барлығының орындалуы күтілуде.

Бұл ауданның экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін негізгі бағыттардың дұрыс жүзеге асырылып жатқанын білдіреді. Алайда, 12 көрсеткіштің орындалмау қаупі бар екендігі байқалуда. Бұл көрсеткіштердің орындалуы жергілікті басқару органдары мен жауапты мекемелердің тиімді жұмысын талап етеді. Осы мәселені шешу үшін қажетті шаралар қабылдануы тиіс. Әсіресе, қаржылық және әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асырылуында кездесетін кедергілер мен мәселелерді жою мақсатында қосымша күш жұмсау қажеттігі туындауда.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша өткен жиында тиімділіктің көрсеткіштерін бағалап, болашақтағы мүмкіндіктер мен тәуекелдерді анықтау мақсатында маңызды жиын болды.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков алдағы уақытта көрсеткіштердің орындалуын бақылауды күшейтіп, экономика мен әлеуметтік саладағы кемшіліктерді жоюға бағытталған нақты шараларды қабылдауды тапсырды.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ