Пятница, 12 сентября, 2025
24.1 C
Мырзакент
ҮйА.Қалыбеков а/оБақыт Асанов Үлгілі ауылындағы мәдениет үйінің құрылысымен танысты

Бақыт Асанов Үлгілі ауылындағы мәдениет үйінің құрылысымен танысты

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов жұмыс сапары аясында А.Қалыбеков ауылдық округіне қарасты Үлгілі ауылына барып, осында жүргізіліп жатқан мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Аудан басшысы құрылыс сапасына, жұмыстың қарқынына және жобаның әлеуметтік маңыздылығына ерекше назар аударды.

Аталған мәдениет үйі биыл «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өтуде. Жоба бойынша облыстық бюджеттен 332 миллион теңге қаржы бөлінген. Қазіргі таңда нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң, мәдениет үйі ауыл тұрғындары үшін шығармашылықпен айналысуға, мәдени іс-шаралар өткізуге үлкен мүмкіндік беретін заманауи орталыққа айналмақ.

Жөндеу барысында ғимараттың шатыры, қабырғалары, едені толық жаңартылып, инженерлік жүйелері ауыстырылады. Сонымен қатар, ішкі әрлеу жұмыстары заманауи стандарттарға сай жүргізілуде. Нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Бақыт Насырханұлы мердігер ұйым өкілдеріне жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, мәдениет үйінің ішкі жабдықталуы мен қолайлылығына ерекше мән беру керектігін атап өтті.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданында ауылдық жерлердің әлеуметтік-мәдени нысандарын дамыту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Ынталы елді мекенінде және Достық ауылдық округіндегі Ж.Қалшораев елді мекенінде жаңадан мәдениет үйлерінің құрылысы жүріп жатыр. Аталған нысандар қазан айында пайдалануға берілмек.

Бұл жобалар – Мемлекет басшысының ауыл инфрақұрылымын дамыту туралы тапсырмаларын орындаудың нақты нәтижесі. Мәдениет ошақтарының жаңғыртылуы ауыл жастарының шығармашылық әлеуетін дамытуға, тұрғындардың мәдени өмірін жақсартуға, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға мол мүмкіндік береді.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ