Среда, 27 августа, 2025
27.5 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметМақтааралда құны 5,8 миллиард теңгеге мақта және мақта майын өңдеу зауытының құрылысы...

Мақтааралда құны 5,8 миллиард теңгеге мақта және мақта майын өңдеу зауытының құрылысы басталды

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуді дамыту бағытында тағы бір ауқымды жоба жүзеге асырыла бастады.

Мақтаарал ауданындағы “Атамекен” кедендік бекетінің маңындағы арнайы экономикалық аймақта 4 ірі кәсіпорын ашу жоспарланған болатын. Соның бірі – «Мақтарал Xing Feng» ЖШС-ның құны 5,8 миллиард теңгені құрайтын мақта және мақта майын өңдеу зауытының құрылысы басталды.

Жаңа өндіріс орны іске қосылған жағдайда, зауыт жылына 10 мың тонна мақтаны өңдеуге және 10 мың тонна мақта майын өндіруге қауқарлы болады. Бұл көрсеткіштер Мақтаарал және көршілес аудандарда өсірілетін шикізатты тиімді өңдеуге, ішкі нарықпен қатар экспорттық бағыттағы әлеуетті арттыруға зор мүмкіндіктер бермек.

Зауыт толықтай іске қосылғаннан кейін 150 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Бұл аудан халқы үшін үлкен әлеуметтік маңызға ие, әсіресе ауыл тұрғындары үшін жаңа табыс көзі болмақ.

Күні кеше Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов арнайы экономикалық аймаққа барып, құрылыс жұмыстарымен жеке танысты. Ол зауыттың жоспарлы түрде және белгіленген мерзімде аяқталуы үшін барлық қолдау көрсетілетінін атап өтті. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту, инфрақұрылымды дамыту мәселелері де басты назарда болатынын жеткізді.

Айта кетейік, бұл зауыт — “Атамекен” кедендік бекетінің маңында бой көтеретін төрт ірі кәсіпорынның бірі. Бұдан бөлек, 1,5 миллиард теңгеге «Tabys Silkway» ЖШС-ның тоқылған және полипропилен қаптарын өндіретін зауыт, 500 миллион теңгеге «Taza Agro Onimderi» ЖШС-ның күріш өңдеу зауыты және 5 миллиард теңгеге «Food Waste» ЖШС-ның органикалық қалдықтарды өңдейтін зауыттар ашылмақ.

Бұл кәсіпорындардың барлығы өз кезегінде аудан экономикасының жандануына, инвестициялық ахуалдың жақсаруына оң әсерін тигізбек.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ