Понедельник, 25 августа, 2025
28.5 C
Мырзакент
ҮйӘлеуметӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылы 19 тамызда Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Бұл ретте, Сауран ауданы әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы, Түлкібас ауданының Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы және  Састөбе кентінің әкімі мемлекеттік сатып алу барысында мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны анықталып, Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен оларға «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

 Әдеп жөніндегі кеңес отырысында, Білім басқармасы басшысының орынбасары және Білім басқармасының Жалпы бөлімінің басшысына қатысты әдеп кодексі талаптары сақталмағаны үшін Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен (әрқайсысына қатысты екі тәртіптік іс) тиісінше жеке-жеке 2 «ескерту» және
2 «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдануға ұсыныс берілді.

Бұдан бөлек, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бағытында Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті, Түркістан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және Түркістан облысының Туризм басқармасы басшыларының есептері тыңдалды.

Нәтижесінде, Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
А. Наурызбаев мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарының жүргізілуін ұйымдастыруды тапсырды.

Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің нәтижелері туралы Бәйдібек ауданы, Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшылары, Әдеп жөніндегі уәкілдерінің есептері тыңдалып, мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы бұзушылықты болдырмау, тәртіптік шара қолдану барысында заңнама талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметтегі шектеулерді түсіндіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізу тапсырылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ