Среда, 6 августа, 2025
32.5 C
Мырзакент
ҮйБасты жаңалықМақтааралда "LuxPool" демалыс кешені ашылды

Мақтааралда “LuxPool” демалыс кешені ашылды

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мақтаарал ауылдық округіне қарасты Өркениет ауылында жылдың 4 маусымында да қызмет көрсететін заманауи “Luxpool” демалыс кешені пайдалануға берілді.

Ашылу салтанатына аудан әкімі Бақыт Асанов қатысып, жаңа нысанның жұмысымен танысты.

Жаңа демалыс кешені – жергілікті кәсіпкердің жеке қаражатына салынды. Мұнда ересектер мен балаларға арналған бөлек-бөлек бассейндер қарастырылған. Сондай-ақ, келушілерге ыңғайлы болу үшін тамақтану орындары, көлеңкелі демалыс аймақтары, қауіпсіздік шаралары толық қамтылған. Демалушыларға жан-жақты қызмет көрсету – кешен қызметкерлерінің басты ұстанымы.

Аудан әкімі Бақыт Асанов өз сөзінде кәсіпкерге ризашылығын білдіріп, өңірдегі туризм мен сервистік қызмет көрсету саласының дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады.

“Мақтаарал – күн ыстық, жаз маусымы ұзақ өңір. Мұндай демалыс орындары тұрғындар мен қонақтар үшін өте қажет. Бұл нысан – ауданымызда сервистік инфрақұрылымның дамып келе жатқанының тағы бір дәлелі. Кәсіпкерлік – ел дамуының тірегі, осы бағытта еңбек етіп жатқан азаматтарға алғысымыз шексіз!”, – деді, аудан басшысы.

“Luxpool” демалыс кешені тек тынығу орны ғана емес, сондай-ақ жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға да ықпал етті. Қазіргі таңда кешенде ондаған адам тұрақты еңбек етеді.

Жергілікті жұртшылық та жаңа кешеннің ашылғанына дән риза. Бұған дейін тұрғындар аудан басшысына балаларды қыдыруға, демалдыруға алып баратын орындар ауданда сирек екенін айтқан болатын. Енді, міне, ауданымызда тағы бір жайлы әрі қауіпсіз төртінші бассейн кешені ашылып отыр.

Ашылу салтанатына орай кешен басшылығы тұрғындарға ас беріп, алғашқы қонақтар бассейннің қызметін пайдаланып көрді. Алдағы уақытта кешен аясында балаларға арналған ойын алаңдары мен қосымша қызмет түрлерін енгізу жоспарланып отыр.

ҰҚСАС МАҚАЛАЛАР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

ЕҢ ТАНЫМАЛ